Accessibility links

Алматыдан 621 километрде жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тамыздың 20-ы күні Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 621 километр қашықтықта 4,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Орталық мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері Астана уақытымен таңғы сағат 4:04 кезінде тіркелген. Оның ошағы Қытай аумағында, 5 километрге дейінгі тереңдікте болған.

Алматы облысы аумағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG