Accessibility links

Мәскеуде 1991 жылғы тамыз бүлігі құрбандарын еске алады


1991 жылдың 19 тамыз күнгі бүлік, Мәскеу. (Көрнекі сурет)
1991 жылдың 19 тамыз күнгі бүлік, Мәскеу. (Көрнекі сурет)

Бүгін Мәскеуде 1991 жылғы тамыз бүлігінде Ақ үйді қорғап қаза тапқан үш адамды еске алу акциясы өтеді.

Еске алуға қатысушылар 1991 жылы 21 тамызға қараған түні Дмитрий Комарь, Владимир Усов және Илья Кричевский қаза тапқан Жаңа Арбатқа дейін шерулетіп жүріп өтеді.

24 жыл бұрын СССР президенті Михаил Горбачев билікті аяқасты құрылған "Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетке" беруден бас тартып, азаматтар Мәскеуге кіргізілген әскерге қарсылық танытқан соң мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіз аяқталған.

XS
SM
MD
LG