Accessibility links

Пәкістанда ондаған содырдың көзі жойылды


Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет).
Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет).

Пәкістан әскерилері елдің солтүстік-батысындағы Ауғанстанмен шекараға жақын аймақта әуе шабуылдарынан 43 содырдың көзі жойылғанын хабарлады.

Әскерилердің дерегінше, операция 20 тамыз күні Солтүстік Вазиристан аймағындағы екі елді мекенде жасалған. Пәкістан жағы мерт болған содырлардың аты-жөні, ұлтына қатысты ақпарат таратпады.

Аймаққа журналистердің баруына тыйым салынғандықтан содырлардың көзі жойылғаны туралы ақпаратты басқа да дерек көздерінен нақтылау мүмкін болмай тұр.

Пәкістан армиясы Солтүстік Вазиристанда жергілікті және шетелдік содырлардың көзін жою үшін 2014 жылдың маусымынан бері әскери операциялар жүргізіп келеді. Ресми мәлімет бойынша, содан бері бұл аймақта 3 мыңға тарта содыр мерт болған.

XS
SM
MD
LG