Accessibility links

Македония мигранттарға қатысты төтенше жағдай жариялады


Гевгелиядағы теміржолда Сербияға баратын пойызға мигранттардың мініп кетпеуін қадағалап тұрған полицейлер. Македония, 19 тамыз 2015 жыл.
Гевгелиядағы теміржолда Сербияға баратын пойызға мигранттардың мініп кетпеуін қадағалап тұрған полицейлер. Македония, 19 тамыз 2015 жыл.

Македония үкіметі Грекиядан мыңдаған мигранттың елге кіріп, одан ары Еуропа Одағының өзге мемлекеттеріне өтуіне жол бермеу үшін шекарада төтенше жағдай жариялады.

Тамыздың 20-сы күні Македония мен Грекия шекарасындағы Гевгелия қаласында Македонияға өтуді күтіп жатқан бірнеше мың мигрант жиналып қалған.

Полицияға Гевгелиядағы теміржол станциясында мигранттардың Сербияға баратын пойыз жолына жаппай шығып кетуін тоқтатуға бұйрық берілген. Тессалоники мен Скопье қалалары арасын жалғайтын халықаралық теміржолды да мыңдаған мигрант жауып қалған. Шекараның Грекия жағында бүгін екі жүк пойызы мен бір жолаушылар пойызы тоқтатылған.

Македония Грекиядан мигранттардың Еуропа Одағының дамыған елдеріне баратын жолындағы транзиттік ел саналады.

Македония билігінің ресми дерегі бойынша, өткен айда көпшілігі Сирия мен Ауғанстаннан шыққан 39 мың мигрант Македония шекарасынан өткен.

XS
SM
MD
LG