Бүгін Алматыдан Анталияға жолаушылар жеткізбек болған «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы найзағай түсуіне байланысты кестеде белгіленген уақытта ұшпай қалған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлаған.
Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9-да Алматы әуежайынан аспанға көтерілуі тиіс болған ұшаққа найзағай түскені ұшу алдындағы тексеру барысында анықталған. Адамдар зардап шекпеген.
Оқыс оқиға кесірінен жолдан қалған жолаушылар енді бүгін жергілікті уақытпен сағат 20:20 кезінде Түркияға басқа ұшақпен аттанады деп хабарланды.