Accessibility links

Англияда ұшақ құлап, жеті адам мерт болған


Hawker Hunter әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)
Hawker Hunter әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

Сенбі күні Оңтүстік Англиядағы Брайтон қаласы аумағында автокөлік жолына ұшақ құлап, жеті адам мерт болған. Апат салдарынан 14 адам жараланған, олардың арасында қазір ауруханада хал үстінде жатқан ұшқыш та бар деп хабарланды.

Полицияның хабарлауынша, әуе шоу-бағдарламасына қатысып жатқан Hawker Hunter әскери ұшағы Шорхэм әуежайына жақын маңдағы А27 автобанына құлаған.

Оқиға куәгерлерінің бірі әуеде жаттығу жасап жүрген ұшақтың жерге құлап түскен сәті түсірілген видеоны интернетте жариялаған.

XS
SM
MD
LG