Accessibility links

Йеменде британ азаматы кепілден босатылды


Өртенген әскери танк қаңқасы жанынан өтіп бара жатқан адамдар. Аден, Йемен. 19 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Өртенген әскери танк қаңқасы жанынан өтіп бара жатқан адамдар. Аден, Йемен. 19 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Йеменде былтыр ақпанда «Әл-Қаида» мүшелері ұстап әкеткен Ұлыбритания азаматы содырлар тұтқынынан құтқарылған.

Йеменде инженер болып істеген 64 жастағы Дуглас Роберт Семплді Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) әскерилері арнайы операция нәтижесінде тұтқыннан босатқан. Бұл туралы БАӘ үкіметінің ресми мәлімдемесін осы елдің WAM ресми ақпарат агенттігі таратты.

Ресми ақпаратта әскери ұшақпен Абу-Дабиге жеткізілген Семплді сол жерде Ұлыбритания елшісі қарсы алған соң, кепілден босатылған британ азаматы дәрігерлердің тексеруінен өту үшін ауруханаға жеткізілгені айтылған.

Мәлімдемеде Семплді қай жерде тұтқында ұстағаны, сондай-ақ оның кепілден қалай босатылғаны туралы нақты айтылмаған.

Біріккен Араб Әмірліктері Сауд Арабиясының басшылығындағы және АҚШ қолдайтын халықаралық коалиция құрамында наурыз айынан бері Йемендегі шиит көтерілісшілеріне қарсы әуе шабуылдарына қатысып келеді.

XS
SM
MD
LG