Accessibility links

Брюссель Минскінің саяси тұтқындарды босатқанын құптады

Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті түрмеден бостандыққа шыққан күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында көптеген жақтастары қарсы алды. 22 тамыз 2015 жыл.

Еуропа Одағының (ЕО) өкілдері Беларусь түрмесінен алты саяси тұтқынның босатылуын Минск мен Брюссель қарым-қатынастардағы елеулі прогресс деп атады. ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини мен көршілестер саясаты жөніндегі Еурокомиссия өкілі Йоханнес Хан бірлескен мәлімдемеде беларусь билігі келесі қадамында «бостандыққа шыққандардың азаматтық және саяси құқықтарын жүзеге асыруына» барлық кедергілерді алып тастайды деп үміттенетіндерін білдірген.

Осының қарсаңында Беларусь президенті Александр Лукашенко елде түрмеде отырған, халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар «ар-ождан тұтқыны» деп таныған алты оппозиционерге рақымшылық жариялап, бостандық берген еді. Олардың арасында 2010 жылы өткен сайлауда Беларусь президенттігіне кандидат болған Николай Статкевич те бар. Бес жыл түрмеде отырып оралған Статкевичті сенбі күні кешке Минск вокзалында көптеген жақтастары «Қаһарман!» деп ұрандап қарсы алған. Статкевичтің өзі елде «лайықты өмір болуы үшін» саяси күресті жалғастыра беретінін мәлімдеген.

Николай Статкевичтен өзге түрмедегі беларусь анархистері Игорь Олиневич, Николай Дедок, Артем Прокопенко, Евгений Васькович және көшедегі қарсылық акцияларына кеудесіне «Лукашенко, кет!» деген жазумен шыққанымен танылған Юрий Рубцовке де президент Лукашенконың жарлығымен рақымшылық жарияланған.

Николай Статкевичтің Минскіге оралуы жайлы фотогалерея:

Саяси тұтқын Николай Статкевич бостандыққа шықты

Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичтің түрмеден бостандыққа шыққан күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалына келіп түскен сәті. 22 тамыз 2015 жыл.
1/10 Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичтің түрмеден бостандыққа шыққан күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалына келіп түскен сәті. 22 тамыз 2015 жыл.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
59 жастағы Николай Статкевичті Минскінің «Восточный» автовокзалында жүздеген адам гүл ұстап, қуанышпен қарсы алды. 22 тамыз 2015 жыл.
2/10 59 жастағы Николай Статкевичті Минскінің «Восточный» автовокзалында жүздеген адам гүл ұстап, қуанышпен қарсы алды. 22 тамыз 2015 жыл.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
2010 жылы желтоқсанның 19-ы күні Беларусь президенті сайлауындағы бұрмалауға наразылық білдіріп Минскіде мыңдаған адам қатысқан шеру кезінде соққыға жығылған оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті полиция ұстап әкеткен. Сол кезден бастап ол қамауда отырды.
3/10 2010 жылы желтоқсанның 19-ы күні Беларусь президенті сайлауындағы бұрмалауға наразылық білдіріп Минскіде мыңдаған адам қатысқан шеру кезінде соққыға жығылған оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті полиция ұстап әкеткен. Сол кезден бастап ол қамауда отырды.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
Беларусь соты оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті 2011 жылдың мамырында «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды» деген айыппен алты жылға соттаған еді. Сот үкімінен соң Шклов қаласындағы еңбекпен түзеу колониясына жазасын өтеуге жіберілген Статкевич «лагерьдің ішкі ережесін үнемі бұза бергені» үшін 2012 жылы көшпелі соттың шешімімен жабық режимдегі түрмеге ауыстырылған.
4/10 Беларусь соты оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті 2011 жылдың мамырында «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды» деген айыппен алты жылға соттаған еді. Сот үкімінен соң Шклов қаласындағы еңбекпен түзеу колониясына жазасын өтеуге жіберілген Статкевич «лагерьдің ішкі ережесін үнемі бұза бергені» үшін 2012 жылы көшпелі соттың шешімімен жабық режимдегі түрмеге ауыстырылған.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
Президенттікке экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті батыс елдері мен құқыққорғаушы ұйымдар ​«саяси тұтқын» деп танып, оны түрмеден босатуды Минскіден табанды түрде талап етіп келді.
5/10 Президенттікке экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті батыс елдері мен құқыққорғаушы ұйымдар ​«саяси тұтқын» деп танып, оны түрмеден босатуды Минскіден табанды түрде талап етіп келді.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
Түрмеден босап шыққан оппозициялық саясаткер Николай Статкевичтің Минскідегі «Восточный» автовокзалында жақын адамдарымен қауышқан сәті. 22 тамыз 2015 жыл.
6/10 Түрмеден босап шыққан оппозициялық саясаткер Николай Статкевичтің Минскідегі «Восточный» автовокзалында жақын адамдарымен қауышқан сәті. 22 тамыз 2015 жыл.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
Түрмеден босап шыққан саяси тұтқын Николай Статкевичті автовокзалда қарсы алуға келгендер. Минск, 22 тамыз 2015 жыл.
7/10 Түрмеден босап шыққан саяси тұтқын Николай Статкевичті автовокзалда қарсы алуға келгендер. Минск, 22 тамыз 2015 жыл.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
Николай Статкевич өзін автовокзалда гүлмен қарсы алғандардың арасында тұр. Минск, 22 тамыз 2015 жыл.
8/10 Николай Статкевич өзін автовокзалда гүлмен қарсы алғандардың арасында тұр. Минск, 22 тамыз 2015 жыл.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
Түрмеден шығысымен берген алғашқы сұхбатында Николай Статкевич рақымшылық сұрап ешқашан өтініш жазбағанын, өзін түрмеден босату туралы президент Лукашенконың жарлығы тосын жаңалық болғанын айтты. Ол елден кетпейтінін, демократия жолындағы күресті жалғастыратынын мәлімдеген.
9/10 Түрмеден шығысымен берген алғашқы сұхбатында Николай Статкевич рақымшылық сұрап ешқашан өтініш жазбағанын, өзін түрмеден босату туралы президент Лукашенконың жарлығы тосын жаңалық болғанын айтты. Ол елден кетпейтінін, демократия жолындағы күресті жалғастыратынын мәлімдеген.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
Николай Статкевичтен өзге түрмедегі беларусь оппозициялық белсенділері Игорь Олиневич, Николай Дедок, Артем Прокопенко, Евгений Васькович және Юрий Рубцовке де президент Лукашенконың жарлығымен рақымшылық жарияланған.
10/10 Николай Статкевичтен өзге түрмедегі беларусь оппозициялық белсенділері Игорь Олиневич, Николай Дедок, Артем Прокопенко, Евгений Васькович және Юрий Рубцовке де президент Лукашенконың жарлығымен рақымшылық жарияланған.
Түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті тамыздың 22-і күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG