Қырымдағы Севастополь қаласының 22 мыңнан аса тұрғыны қол қойып, Ресей президенті Владимир Путинге жібергелі отырған үндеуде олар «табиғат қорғау аймағына құрылыс салуға және жерді бақылаусыз үлестіруге» кінәлі деп санайтын жергілікті шенеуніктерді жауапқа тартуды сұраған. Бұл туралы бүгін «Севастопольге қызмет етемін!» ынталы топ мүшелері мәлімдеген.
Олар жергілікті билік орындарын «қаланы талан-таражға салды» деп айыптап, «күшейіп келе жатқан әлеуметтік наразылықты бәсеңдету үшін Севастопольді басқару механизмдерін реттеуге» шақырған.
Олардың айтуынша, шенеуніктердің заңды белінен басуы кесірінен қалада мектеп, аурухана және балбақша тұрғызатын жер қалмаған. Ынталы топ мүшелері тұрындардан жиналған қолдар келесі аптада президент әкімшілігіне тапсырылады деп мәлімдеген.
Бұған дейін Севастополь үкіметі Путинге үндеуде айтылған ақпаратты тексеру үшін жұмыс тобы құрылғанын хабарлаған еді.