Accessibility links

Дияс төртінші рет қатарынан 1-кезеңде жеңілді


Зарина Дияс.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс АҚШ-тың Нью Хейвен қаласында басталған Connecticut Open жарысының бірінші кезеңінен өте алмады.

Әлемдік рейтингте 34-орында тұрған Дияс бірінші айналымда әлемнің 28-ракеткасы, румыниялық Ирина Камелия-Бегуден 5:7, 7:5, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Дияс соңғы бір айда Вашингтон, Торонто, Цинцинаттиде өткен жарыстардың екінші кезеңіне шыға алмады.

Тағы бір Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева (77) іріктеуде украиналық Леся Цуренконы 6:1, 6:0 есебімен жеңіп, негізгі кезеңге өтті. Енді ол франциялық Ализе Корнетпен (27) кездеседі.

Нью-Хейвендегі жарыс 30 тамыз күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG