Accessibility links

АҚШ Статкевичтің босатылуын қолдады


Оппозициялық саясаткер, Беларусь президенттігіне кандидат болған Николай Статкевич.

АҚШ мемлекеттік департаменті оппозициялық саясаткер, Беларусь президенттігіне кандидат болған Николай Статкевич пен бес оппозиционердің түрмеден босатылуын қолдайтынын мәлімдеді.

Департамент баспасөз хатшысы Джон Кирби оппозициялық саясаткерлердің босатылуын "Беларусь үшін позитивті шешім және АҚШ пен Беларусь арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға жақсы қадам" деп бағалады.

Еуропалық одақтың ішкі саясат жөніндегі өкілі Федерик Могерини мен ЕО аймақтық саясат жөніндегі комиссары Йоханнес Хан саясаткерлердің бостандыққа шығуын "Беларусь пен ЕО арасындағы жағдайды жақсартуға жасалған маңызды қадам" деп бағалап, Минсктің алдағы уақытта адам құқығы мен саяси еркіндікке қойылған кедергілерді жоятынына сенім білдірді.

Николай Статкевич 22 тамызда бес жылдан кейін түрмеден босатылды. Ол 2010 жылы президент сайлауынан кейін түрмеге қамалған. Оған "президент сайлауынан кейін жаппай көтеріліс ұйымдастырды" деген айып тағылған.

Беларусь президенті Александра Лукашенконың 22 тамызда қол қойған бұйрығында Николай Статкевич, Николай Дедков, Игорь Олиневич, Евгений Васкович, Артем Прокопенко және Юрия Рубцовқа кешірім берілгені жазылған.

XS
SM
MD
LG