Тәжікстан үкіметі мемлекеттік мекемелерге дағдарысқа байланысты бюджеттік қаржыларды үнемдеуді міндеттеді.
Елдің қаржы министрлігі өз сайтында " үкімет қаржылық дағдарысқа байланысты министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды қаржы үнемдеуге міндеттейді" деген қаулысын жариялады.
Бұл бұйрықтың орындалуын қадағалау президент әкімшілігі мен қаржы министрлігіне жүктелді.