Accessibility links

Таулы Қарабахта "қақтығыс болғаны" хабарланды


Даулы Таулы Қарабах аймағында шекара күзетінде тұрған армян сарбазы. (Көрнекі сурет).
Даулы Таулы Қарабах аймағында шекара күзетінде тұрған армян сарбазы. (Көрнекі сурет).

Әзербайжан қорғаныс министрлігі бүгін Армениямен шекарада әзербайжан және армян күштері тоғысқан аймақта "бес армян сарбазы қаза тауып, сегізі жараланғанын" хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 22 тамызда "армян әскерилері жасамақ болған диверсия" нәтижесінде үш әзербайжан сарбазы жараланған.

Ал бүгін даулы Таулы Қарабах қорғаныс министрлігінің өкілдері әзербайжан әскерилері өткен аптада "сепаратистік аймақты атқылағанын" және ол қақтығыста "төрт әзербайжан сарбазы қаза тауып, 15-і жараланғанын" хабарлады. Екі жақтан қаза тапқандар мен жаралылар туралы ақпараттар әзірге бейтарап дереккөздерінен дәлелденген жоқ.

1990 жылдары Әзербайжанның этникалық армяндар қоныстанған Таулы Қарабах аймағын армян сепаратистері басып алып, дербес аймақ деп жариялаған еді. Содан бері даулы мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге жасалған талпыныстар еш нәтиже берген жоқ. Таулы Қарабах аймағының тәуелсіздігін әлемде ешбір мемлекет мойындаған емес.

XS
SM
MD
LG