Accessibility links

Рыпакова - әлем чемпионатының қола жүлдегері


Ольга Рыпакова.
Ольга Рыпакова.

Жеңіл атлетикадан Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Пекинде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль иеленді.

Үш қарғап секіру секторында Рыпаков 14,77 метрге секіріп, биылғы маусымдағы үздік нәтижесіне жетті. Алтынды колумбиялық Катерин Ибаргуэин (14.90 м), күмісті израильдік Ханна Князова-Миненко (14,78 м) алды.

Үш дүркін универсиада чемпионы Виктория Зябкина 100 метрге жүгіруде 11,19 секунд уақыт көрсетіп, 12-орында қалды.

Пекиндегі жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 30 тамызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG