Accessibility links

Қытай акциялары тағы да арзандады


Қор биржасындағы индекстер бағамына қарап отырған қытайлық инвестор. Пекин, 19 тамыз 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Қор биржасындағы индекстер бағамына қарап отырған қытайлық инвестор. Пекин, 19 тамыз 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Қытай қор биржаларында индекстер бүгін 7.6 пайызға арзандады. Жапония қор биржаларында да құлдырау байқалды.

Бірақ өзге Азия елдері Еуропа қор биржаларында бүгін ертеңгілік саудада акциялар кешегі арзандаудаудан соң біртіндеп қайта қалпына келе бастады.

24 тамызда Wall Street-те кешкілік саудада Dow Jones акциясы 3,6 пайызға арзандаған.

Гонконг, Оңтүстік Корея, Сингапур мен Австралия қор биржаларында акциялар бағамы кешегі арзандаудан соң бүгін біртіндеп қайта көтеріле бастады.

Сарапшылар "қор нарығындағы тұрақсыздық осымен тәмам болғаны, я бұл ұзақ мерзімдік құлдырау алдындағы бір сәттік дамыл екені белгісіз" дейді.

24 тамызда Шанхай қор биржасының Shanghai Composite индекстері 7,05 пайызға, Шэньчжень қор биржасының Shenzhen Composite индексі 7,02 пайызға төмендеген. Ал өткен аптада инвесторлар Қытай үкіметінің нарықты қолдауынан және Wall Street-тегі акцияларын жаппай сатуынан қауіптене бастағандықтан Қытай биржа индекстері 11 пайызға құлдыраған еді.

XS
SM
MD
LG