Ресей билігі шетелде жасалған тазартушы және жуыну тауарлары мен сабындарды дүкен сөрелерінен алып тастап жатыр.
Ресейдегі тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Colgate-Palmolive және Procter & Gamble компанияларының өнімдеріне тексеріс жүргізгенін хабарлап, олардың құрамында "улы заттар көп" деп мәлімдеген.
Тамыздың басында Ресей билігі Еуропа Одағы мен Батыс елдерінде өндірілген азық-түлік тауарларын елге әкелуге тыйым салған. Бірақ жуыну заттары мен сабындарға санкция жарияламаған еді.