Accessibility links

Астанада Назарбаев Шарифпен кездесті


Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф. Астана. 25 тамыз 2015 жыл.
Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф. Астана. 25 тамыз 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы резиденциясында Пәкістан премьер-министрі Наваз Шарифті қабылдап, екіжақты сауда-экономикалық, транзиттік, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерді талқылады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Бұған дейін Наваз Шариф Астанада Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойған.

Ресми ақпарат бойынша, екі елдің үкімет басшылары инвестициялық саладағы, энергетикалық сектордағы, агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері жайын талқылап, Қазақстан мен Пәкістанның іскерлік серіктестігін одан әрі тереңдетуге келіскен.

XS
SM
MD
LG