Accessibility links

БҰҰ: ЕО-ға күніне 3 мың мигрант өтуі мүмкін


Македония шекарасында тұрған мигранттар. 23 тамыз 2015 жыл.
Македония шекарасында тұрған мигранттар. 23 тамыз 2015 жыл.

Балқан түбегі елдері арқылы батыс Еуропаға өтетін мигранттар саны күніне 3 мың адамға жетуі мүмкін деген болжам жасады БҰҰ.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі қақтығыстар жүріп жатқан Таяу Шығыс аймағы мен басқа да елдерден Грекия арқылы Македонияға күніне 3 мың мигрантқа дейін кіруі мүмкін дейді.

"Біздің жорамалымыз бойынша, алдағы айларда да босқындар ағыны толастамайды" дейді агенттік өкілі Мэлисса Флэминг. Ол мигранттар санының азаймауына Сирия мен Ирактағы қақтығыстың саябырсымай тұрғаны, Түркия, Иордания мен Ливандағы босқындарға арналған лагерлердің лық толуы мен ол жерлерде босқындарға дұрыс жағдай жасалмауы себеп дейді.

Флэминг Еуропа Одағына кірген босқындардың 43 пайызын Германия мен Швеция қабылдағанын айтып, одақтағы өзге елдер де мигранттарға қатысты ауыртпалықты бірдей көтеруі тиіс дейді.

"Біз Еуропа егер дұрыс шаралар қолданса, босқындарды қабылдауға қатысты мәселені шеше алады деп сенеміз. Әрине, биыл келіп жатқан босқындар саны былтырғыдан әлдеқайда көп. Бірақ бұл Еуропаны басып кететіндей мөлшерде емес" деді БҰҰ өкілі.

XS
SM
MD
LG