Ресей президенті Владимир Путин бүгін Мәскеуде Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сисимен кездеседі.
Мәскеу Сириядағы қақтығысты реттеуге араласу және "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күреске күш салу үшін соңғы апталарда Таяу Шығыстың бірнеше елі басшыларын қабылдаған.
Кремльдің ақпаратына қарағанда, Путин мен әл-Сиси кездесуде "Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды талқылайды".
Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Египет президенті бұған қоса Ресейдің мемлекеттік "Росатом" компаниясының Египетте алғашқы атом электр станциясын салуына қатысты келісімге қол қоюы мүмкін.