Германия канцлері Ангела Меркель Германияда ксенофобияға төзімділік болмайтынын мәлімдеді. Бұл жайында ол Германияның шығысындағы өткен аптада мигранттарға қарсы наразылық шерулері өткен Хайденау қаласына барғанында айтты.
Өткен демалыс күндері әсіре оңшыл белсенділер соқтыққан босқындар лагерінде сөйлеген Меркель "Өзгелердің абыройы мен қадыр-қасиетіне шүбә келтіргендерге төзімділік болмайды. Заңдық және адами көмек қажет жерде қол ұшын созғысы келмейтіндерге төзімділік болмайды. Мұны түсінетіндер көбейген сайын біздің әлеуетіміз арта береді" деді Меркель.
Меркель босқындар лагеріне барғанда 200-ге тарта әсіре оңшыл наразы азамат оған қарсылық танытып, "Сатқын, сатқын!" деп ұрандаған.
24 тамызда Меркель әсіре оңшыл демонстранттар мен оларды қолдаушылардың Хайденаудағы босқындар лагері маңында полициямен қақтығысын "ұят іс" деп айыптаған.