Accessibility links

Киев Сенцов үкіміне қатысты Еуропа сотына шағымданды


Украиналық режиссер Олег Сенцов (сол жақта) пен Қырым белсендісі Александр Кольченко сотта отыр. Дондағы Ростов, Ресей, 25 тамыз 2015 жыл.
Украиналық режиссер Олег Сенцов (сол жақта) пен Қырым белсендісі Александр Кольченко сотта отыр. Дондағы Ростов, Ресей, 25 тамыз 2015 жыл.

Украина Адам құқығы жөніндегі Еуропа сотына Ресей сотының украиналық режиссер Олег Сенцов пен Қырым белсендісі Александр Кольченкоға шығарған үкіміне қатысты шағымданды. Бұл жайлы бүгін Украина әділет министрі Павел Петренко хабарлады. Петренконың сөзінше, шағымда Киев Ресейде ұсталған украиналықтар құқығының жаппай бұзылғанына назар аударған.

Ресейдің Дондағы Ростов қаласы соты 25 тамызда теракті жасамақ болды және Қырымда террорлық ұйым құруды жоспарлады деген айыппен Олег Сенцовты 20 жылға, Александр Кольченконы 9 жылға соттаған. Сотталушылар өз айыптарын мойындаған жоқ. Сотта соңғы сөзін айтқан Сенцов "басқыншылар соты әділетті бола алмайды" деп мәлімдеген.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы мен ресейлік "Мемориал" орталығы сотталған украиналықтарды саяси ттұқын деп атады.

Украина Страсбургтегі Адам құқығы жөніндегі Еуропа сотына Ресейдің үстінен осымен төртінші рет шағымданып отыр. Бұған дейін Киев Страсбург сотынан Мәскеуді Қырым түбегін аннексиялағаны, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсеткені және Қырым татарларының жетекшісі Мұстафа Джемилев пен оның ұлының құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартуды сұраған.

XS
SM
MD
LG