Жоғары сот кеңесінің төрағасы болған Рашид Түсіпбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бұл қызметінен босатылып, сенат депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.
Ал Назарбаев сенат депутаттары болған Серік Нөгербеков пен Ерлан Нығматулиннің өкілеттіктерін тоқтату туралы жарлыққа қол қойған.
Нөгербеков пен Нығматулиннің қандай қызметіне ауысқан туралы ақпарат жоқ.