Accessibility links

Дауылбаев: Экстремизм мен терроризм қаупі сейілмей тұр


Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев.
Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев.

Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев бүгін Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері бас прокурорларының жиынында "Қазақстанда жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан экстремизм мен терроризм қаупі сейілмей тұрғанын" мәлімдеді.

"Әлемнің басқа да елдері сияқты қазір Қазақстан үшін де азаматтардың шетелдердегі террористік ұйымдар қатарына өтіп кетуі басты мәселелердің бірі болып тұр" деді ол. Асхат Дауылбаевтың сөзінше, қауіпсіздік орындары қазақстандықтардың террорлық іс-қимылдарға қатысу үшін шетелге кетуінің алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазақстанда дәстүрлі емес ағым өкілдерін әлеуметтік айықтыру жұмыстары жүргізіледі. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде түрмеде отырған діни радикалдардың жартысынан көбінің ұстанымы өзгерді. Бірақ экстремизм мен терроризм қаупі өзгермей тұр" деді Қазақстан бас прокуроры.

Ол бұған қоса 600-ге жуық ақпараттық материал мен 700 интернет материалын кіргізуге, басып шығарып, таратуға тыйым салынғанын да айтты.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Нұртай Әбіқаев Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстарға 150-ден астам қазақстандық қатысып жүргенін, олармен бірге балалар мен әйелдерді қосқанда 200-ге тарта адам да жүргенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG