Шымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында «Оңтүстік көркі» атты қолөнер шеберлері көрмесі өтті. Көрме соңында «Ең үздік қолөнерші» және «Ең үздік кәдесый бұйымы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
Қолөнер көрмесі
Шымкентте 27 тамыз күні қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар көрмесі өтті.

1
Шымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында өткен «Оңтүстік көркі» атты қолөнер көрмесіне Түркістан қаласынан келген шеберлердің қойған бұйымдары.

2
Қазығұрт ауданынан келген шебер Жұлдыз Кененбаева «кез-келген бұйымды жасаған кезде табиғи заттарды пайдаланамын» дейді. Ол «арманы - қазақ өнерін шетелге таныту» екенін айтты.

3
Көрмеге қойылған қолдан тігілген төсеніштер.

4
Түркістан қаласынан келген шебер Ұлбосын Рысбаева құмыра жасаудың әдісін көрсетіп жатыр.

5
Құмыра жасау әдісін тамашалаған кейбір жастар шебердің жұмысын бейнекамераға түсіріп алды.

6
Жүзіктер мен білезіктер.

7
Оңтүстікқазақстандық шебер Гаухарбек Байымбайұлы көрме залында қобыз тартып, ән айтып отырды.

8
Гаухарбек Байымбайұлы «Ғасырлан үні – Қаратау» атты декоративтік симфониясында «шамамен 12 ғасырдан бері белгілі екі бұйымды жасағанын» айтады. Ол екі бұйымның бірі қыз бен жігіт бейнеленген сылдырмақты көрсетіп тұр.

9
Гаухарбек Байымбайұлы «Ғасырлан үні – Қаратау» атты декоративтік симфониясында қазақтың тарихы мен салт-дәстүрін көрсететін 21 зат жасаған.

10
«Торсық термос».

11
Көрмеге келген қыз-келіншектер қолдан жасалған әшекей бұйымдарды саусақтарына тағып көрді.

12
Мақтарал ауданынан келген Бекзат Мұсабаев мына картинасында мақта даласын бейнелеген.

13
Шеберлер өнерін бағалап жүрген қазылар алқасы мүшелері.

14
Көрмені тамашалап жүрген әйел.

15
Кілем тоқып отырған шебер әйел.

16
Түлкібас ауданынан келген Амангелді Елепбергенов зейнетке шыққан соң қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысып жүргенін айтты.

17
Шыбықтан жасалған «Хан ордасы».

18
Көрмеге қойылған ер-тұрман.

19
Көрмеден бұйым сатып алған көрермен.