Accessibility links

Донбаста 7 украин сарбазы қаза тапты


Донецк облысы аумағындағы украин әскерилері. Украина, 25 тамыз 2015 жыл.
Донецк облысы аумағындағы украин әскерилері. Украина, 25 тамыз 2015 жыл.

Украин әскерилері елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен қақтығыста бір тәулікте жеті сарбаз қаза тауып, 13-і жараланғанын хабарлады. Украина армиясы Донбастағы қақтығыста шілденің ортасынан бері мұндай шығынға ұшырамаған.

26 тамызда Украина өкілдері мен сепаратистер 1 қыркүйектен бастап ақпанда Минскіде жасалған бейбіт келісімді бұзбауға күш салу туралы келісім жасасқанын хабарлаған.

26 тамызда АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель телефонмен сөйлесіп, бейбіт келісімге қарамастан Украина шығысындағы жағдайдың соңғы уақытта қайта шиеленісе бастағанын талқылаған.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Меркельге Киевтің Минск келісімі бойынша өз міндеттемесін орындап жатқанын айтып, Ресей де өз міндеттемесін орындауы тиіс екенін айтқан. Ақ үй мәлімдемесінде соңғы шиеленіс ресейшіл сепаратистердің Минск келісімінде белгіленген әскери іс-қимылдар аймағына шабуылдауынан туындағаны айтылған.

XS
SM
MD
LG