Accessibility links

"Қайрат" Еуропа лигасындағы ойындарын аяқтады


"Қайрат" командасының ойыншылары.
"Қайрат" командасының ойыншылары.

Алматының "Қайрат" командасы Еуропа лигасындағы жарысын аяқтады. Іріктеудің плей-офф кезеңінің қарымта матчында "Қайрат" Алматыда франциялық "Бордо" командасын 2:1 есебімен жеңген. Алайда сырт алаңда 0:1 есебімен жеңілген еді.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша "Бордо" Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. УЕФА ережесі бойынша, сырт алаңда салған голдың маңызы артық.

Айта кетерлігі, "Қайрат" Еуропа лигасы іріктеуінің өз алаңында өткен барлық матчтарында жеңіске жетті.

Осыған дейін Қазақстан чемпионы "Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан. Оның қарсыластары "Атлетико" (Испания), "Бенфика" (Португалия) және "Галатасарай" (Түркия) болмақ.

XS
SM
MD
LG