«Қайрат» футбол командасының Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне дейін жетіп, «Астана» командасының чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуынан кейін Қазақстан УЕФА рейтингінде төрт саты жоғарылады.
Биылғы еуропалық жарыс маусымы қарсаңында 31-орында тұрған Қазақстан 27-орынға көтерілді. Қазақстанның алдында Әзербайжан (26), Қазақстаннан кейінгі орында, тиісінше, Сербия, Болгария, Словения тұр.
«Астана» командасы чемпиондар лигасындағы матчтарда жеңіске жетсе, Қазақстанның УЕФА рейтингінде тағы да жоғарылауға мүмкіндігі бар.