Accessibility links

Алматы тұрғыны прокуратурада наразылық танытты


Ольга Панина қалалық прокуратура алдында наразылық танытып тұр. Алматы, 28 тамыз 2015 жыл.
Ольга Панина қалалық прокуратура алдында наразылық танытып тұр. Алматы, 28 тамыз 2015 жыл.

Алматы тұрғыны Ольга Панина бүгін құқық қорғау қызметкерлерінің
әрекетсіздігіне наразылығын білдіріп, қалалық прокуратура алдында
жалғыз кісілік наразылық шарасын өткізді.

57 жастағы Панина прокуратура территориясына кіріп,
журналистерге сұқбат беріп тұрған сәтте прокуратура қызметкерлері
келіп, оның ішке кіруін сұрады. Қалалық прокуратураның кезекші
прокуроры Нұрлан Алдабергенов Панинаға оның арыз-шағымын
қабылдауға дайын екенін жеткізді. Алайда Панина алдымен наразылық
шарасын өткізіп, журналистерге сұқбат бергеннен кейін ішке
кіретіндігін мәлімдеді.

Прокуратура территориясының сыртында қолына плакат алған Панина 2002 жылдан бері құқық қорғау органдарына, прокуратураға арыз жазғанымен оның бір де біріне тиісті әрекет жасалмағанын айтты.

Журналистерге сұқбат беріп, наразылығын білдірген Панина арызын тапсыру үшін қалалық прокуратураға кіріп кетті.

XS
SM
MD
LG