Accessibility links

Алматыдан 340 шақырымда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5:02 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 340 километр қашықтықта 4,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, он километр тереңдікте болған. Энергетикалық класы - 10,5.

Жер сілкінісі Алматы облысында сезілмеген. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG