Бүгін Қазақстан үкіметі қарап, мақұлдаған әлеуметтік-экономикалық блокқа енетін заң жобалары арасында «2016-2018 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілді трансферттеу туралы» заң жобасы да бар деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. Заң жобасында жыл сайын 2,3 триллион теңге көлемінде кепілді трансферт бөлу көзделген.
Сонымен бірге, сенбі күні үкімет отырысында «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралған.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, биылғы жылдың бюджетінде Ұлттық қордан берілетін кепілді трансферт 1,702 триллион теңге көлемінде белгіленген.