Accessibility links

Шығыс Украинада екі әскери мерт болған


Донецк әуежайы маңында тұрған украиналық әскерилер. 19 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Донецк әуежайы маңында тұрған украиналық әскерилер. 19 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Шығыс Украинада өткен тәулікте екі украиналық әскери қаза тауып, тағы үшеуі жараланған. Марьинка елдімекенін ресейшіл сепаратистер атқылаған кезде 7-жасар бала зардап шеккен.

Украина президентінің арнайы операциялар мәселелері жөніндегі өкілі Александр Мотузяниктің айтуынша, сенбінің кешінде Авдеевка елдімекені маңында сепаратистер украиналық әскерилер позицияларын танктен атқылаған. Мотузяник Марьинка, Красногоровка және Санжаровка елдімекендері аумағында жағдай мазасыз болып тұрғанын, Минск бейбіт келісімін бұзып оқ атқандар, сол келісімде тыйым салынған ауыр зеңбіректерден де атқылағанын айтады.

Соңғы деректер бойынша, Донецк мен Мариуполь бағыттарында жағдайдың шиеленісе түскені байқалады.

XS
SM
MD
LG