Accessibility links

Eni: Египет маңында аса үлкен газ қоры бар


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Италияның Eni мұнай-газ компаниясы Жерорта теңізінің Египет жағалауына жақын тұсында газдың үлкен қоры табылғаны туралы жариялады. Компанияның хабарлауынша, оның көлемі 100 шаршы шақырымға жуық, ал онда 850 миллиард текше метрге дейін, яғни 5,5 миллиард баррель мұнайға барабар газ қоры болуы мүмкін.

Зерттелген газ қоры Египеттің табиғи газға қажетін бірнеше ондаған жылдар бойы өтеуге жетуі тиіс дейді Eni компаниясы.

Осы кезге дейін Еуропа елдеріне негізінен ресейлік «Газпром» компаниясы газ жеткізетін. Бірақ, жыл өткен сайын Еуропа одағы елдерінде газ өндіру көлемі ұлғайып, «Газпромның» еуропалық нарықтағы үлесі барған сайын азайып келеді.

Eni компаниясы жақын жылдары Жерорта теңізі қайраңында мұнай-газ кеніш орындарын зерттеуге инвестиция салуды жалғастырмақшы. Атап айтқанда, мысалы, Ніл өзені сағасы мен Синай түбегінде табиғи энергия көздері қорын зерттеу-барлау жұмыстарын жүргізбек.

XS
SM
MD
LG