Accessibility links

Байқоңырға Айымбетов ұшатын зымыранды орнатты


Байқоңырда тұрған Ресейдің "Союз" зымыран тасығышы. 21 қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Байқоңырда тұрған Ресейдің "Союз" зымыран тасығышы. 21 қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

"Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, "30 тамыз күні Байқоңыр ғарыш айлағында Ресейдің «Союз-ФГ» зымыран тасығышы құрастырылған". Бұл зымыран тасығыш арқылы 2 қыркүйек күні «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі ұшырылады.

Зымыранды Байқоңырдағы №1 ұшыру алаңына 31 тамыз күні орнатуға шешім шығарылған. «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2 қыркүйек күні, Мәскеу уақытымен сағат 07:37-ге жоспарланған.

"Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажы құрамында Қазақстан космонавты Айдын Айымбетов, "Роскосмос" космонавты Сергей Волков және ЕКА астронавты Андреас Могенсен бар. Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапарының шығынын Қазақстан тарапы төлейтіні бұған дейін хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG