Accessibility links

Хадиджа Исмайыл сотта соңғы сөзін айтады


Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайыл.
Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайыл.

Әзербайжандық журналист, Азаттық тілшісі Хадиджа Исмайыл бүгін Бакуде өзінің үстінен өтіп жатқан сотта соңғы сөзін айтады. Исмайыл соңғы сөзін айтқаннан соң судья бірден үкімін оқуы немесе үкім шығаруға уақыт алып, басқа күні жариялауы мүмкін.

Хадиджа Исмайыл 2014 жылы желтоқсанның 5-і күні Турал Мустафаевтың «мені өлімге итермеледі» деп жазған шағымы негізінде тұтқындалған. Кейін журналистке «салық төлеуден жалтарды», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» деген қосымша айыптар тағылған.

Тамыз айының басында прокурор Исмайылды 9 жылға соттауды сұраған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Исмайылдың өзі тағылған айыптардың саяси астары бар және ол журналистің кәсіби қызметімен байланысты деп санайды. Исмайыл тұтқындалғанға дейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен оның отбасының қаржысы туралы бірнеше зерттеу материалдар жариялаған.​

XS
SM
MD
LG