Accessibility links

US Open: Кукушкин екінші кезеңге шықты


Михаил Кукушкин
Михаил Кукушкин

Қазақстандық теннисші, әлемнің 56-ракеткасы Михаил Кукушкин Grand Slam турнирлер қатарына енетін US Open жарысын жеңіспен бастады. Ол бірінші айналымда тайпейлік Лю Йен Сунді (рейтингте 97-орында) үш сетте жеңді.

Алғашқы екі сетте Кукушкин 6:3, 6:3 есебімен басым түскен. Ал үшінші сет 3:0 есебіне жеткенде тайпейлік теннисші жарысты жалғастырудан бас тартты.

Екінші айналымда Кукушкин болгариялық Григор Димитровпен (17) кездеседі.

Кукушкиннен бөлек бұл жарысқа қазақстандық Александр Недовесов те қатысып жатыр. Ол бірінші айналымда австралиялық Ллейтон Хьюитпен (166) кездеседі.

XS
SM
MD
LG