Бесланда бүгін бұдан 11 жыл бұрын мектептегі терактіден қаза тапқандарды еске алды. 2004 жылы 1 қыркүйекте содырлар Бесландағы нөмірі 1-мектепті басып алып, 1200-ден астам оқушы мен мұғалімді кепілге алған. Террорлық шабуыл мен одан кейінгі кепілдегілерді босату кезінде 334 адам, оның ішінде 186 бала қаза тапқан. Шабуылды шешен содырлары басшыларының бірі Шәміл Басаев мойнына алған.
Соңғы 11 жыл бойы 1 қыркүйекте Солтүстік Осетияның мыңдаған тұрғыны қайғылы оқиға болған мекепке барады. Қаза тапқан балаларды еске алып, кепілдегілерді ұстаған қираған спорт залдың қабырғасына ойыншықтар мен суы бар шөлмек қояды. Құрбандарды еске алу құрметіне 334 шырақ жағылады.
Еске алу Ресейдің басқа қалаларында да өтеді.
Бүгін "Беслан аналары" ұйымының баспасөз жиыны өтеді. Шабуыл жасалғаннан бері оқиға шынайы түрде зерттелген жоқ. Бесланның көптеген тұрғыны билік мектептегі қайғылы оқиғаны ұмыттыруға тырысады деп санайды. Биыл шілдеде Страсбургтегі Адам құқығы жөніндегі Еуропа соты содырлар шабуылынан зардап шеккен кейбір азаматтардың шағымын қабылдаған.