Accessibility links

Бакуде Хадиджа Исмайылға үкім шығады


Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайыл.
Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайыл.

Бакуде бүгін әзербайжандық журналист, Азаттық тілшісі Хадижжа Исмайылға қатысты сот үкімі шығады.

Әзербайжан үкіметіндегі коррупция туралы зерттеу мақалалар жазған Исмайыл өзіне тағылған "салықтан жалтару", "заңсыз кәсіңпкерлікпен айналысу" және "қызмет өкілетін асыра пайдалану" айыптарын саяси кек алу мақсатында ұйымдастырылған деп санайды.

Соттың кешегі отырысында судья Исмайылдың соңғы сөзін толық айтып бітпей жатып тоқтатып тастаған. Сот сөзін үзгенге дейін Исмайыл өз мақалалары Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің "мемлекет қаржысын талан-таражға ұшыратуға қатысы барын" дәлелдегенін мәлімдеген.

Бұған дейін прокурор Исмайылды 9 жылға соттауды сұраған.

XS
SM
MD
LG