Accessibility links

Киев: Жарылыс құрбандары саны үшке жетті


Ұлттық гвардия сарбаздары жараланған сарбазды көлікке отырғызып жатыр. Киев, Украина, 31 тамыз 2015 жыл.
Ұлттық гвардия сарбаздары жараланған сарбазды көлікке отырғызып жатыр. Киев, Украина, 31 тамыз 2015 жыл.

Киевте парламент алдында 31 тамызда граната жарылысынан жараланған Ұлттық гвардияның үшінші сарбазы көз жұмды. 30 жастағы сарбаз Александр Костина бүгін Киевте ауруханада қайтыс болған.

Бүгін бұдан ертерек ішкі істер министрі Арсен Аваков Ұлттық гвардияның жараланған екінші сарбазы Дмитрий Сластиков қайтыс болғанын хабарлаған еді.

31 тамызда парламент алдында билікті орталықсыздандыруға қарсы шерушілер мен Ұлттық гвардия сарбаздары қақтығысында әскери граната жарылған. Жарылыстан гвардия сарбазы Игорь Дебрин қаза тауып, 130-дан астам сарбаз жараланған.

Билік орындары гранатаны арнайы жасақпен қақтығыс кезінде ұлтшыл "Свобода" саяси коалициясының мүшесі, 27 жастағы Игорь Гуменюк лақтырған дейді. "Свобода" мен "Радикал партия" кеше парламентте конституцияға Донбастың жекелеген аудандарына өзін-өзі басқару құқығын беретін түзетулер енгізуге қарсылық шеруін ұйымдастырған.

XS
SM
MD
LG