Accessibility links

"Қазатомпром" мен CNNC АҚШ-қа уран тасуға келісті


"Қазатомпром" ұлттық компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет)
"Қазатомпром" ұлттық компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет)

"Қазатомпром" ұлттық компаниясы мен Қытайдың China Nuclear Energy Industry Corporation (СNEIC) корпорациясы табиғи уран концентратын Қытайда уақытша сақтап, одан ары Солтүстік Америкаға тасымалдау туралы келісімге қол қойды.

"Қазатомпромның" хабарлауынша, келісімде тауарды сақтап, одан ары Қытай территориясы арқылы АҚШ пен Канада порттарына тасымалдау қарастырылған. "Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы компанияның уран өнімдерін әлемдік нарыққа шығару жолдарын кеңейтеді" дейді "Қазатомпром" хабарламасында.

Компанияның басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Пекинде "Қытай мемлекеттік атом корпорациясының" (China National Nuclear Corporation) директоры Цянь Жиминмен кездесуде атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жайын талқылаған.

Құрамына CNEIC кіретін CNNC уранды өңдеуден бастап одан атом энергиясын алуға дейінгі процестерді іске асырады. "Қазатомпромның" хабарлауынша, CNNC алты атом электр станциясын пайдаланып отыр.

XS
SM
MD
LG