Accessibility links

Оралда "заңсыз миграциямен айналысқан" 11 адам сотталды


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Орал соты "заңсыз адам тасымалдаумен айналысты" деп айыпталған Өзбекстанның екі азаматы мен Қазақстанның екі азаматына қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотына сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

11 адам заңсыз миграция ұйымдастырған деп айыпталған. Сот олардың алтауына төрт жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасы кесілген. Бес адамға 50-ден 200 айлық есептік көрсеткішке (бір айлық есептік көрсеткіш 1982 теңге) айыппұл салынған.

Сот материалдары бойынша, айыпты де танылғандар өткен жылдың мамыр айынан биылғы жылдың сәуіріне дейін Өзбекстан азаматтарын Қазақстан арқылы Ресейге заңсыз тасымалдаумен айналысқан.

XS
SM
MD
LG