Accessibility links

ДСҰ: Украинада полиомиелит вирусы табылды


Пәкістандағы балаларға полиомиелит індетіне қарсы екпе салу. (Көрнекі сурет)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) Украинада екі баланың полиомиелит вирусы табылғанын хабарлады.

ДСҰ мәліметінше, полиомиелит вирусы анықталған балалар Украинаның оңтүстік-батысында тұрады. Ұйым балалар вирусты украин балаларының тек жартысына ғана полиомиелитке қарсы екпе салынғаннан жұқтырды дейді.

ДСҰ вирустың Украинаның басқа да аймақтарына таралу қаупі жоғары болғанымен, көршілес елдер Румыния, Польша, Венгрия және Словакияда таралу қаупі төмен екенін айтады.​

Полиомиелит вирусы көбіне балалардың жұлынын зақымдайды. Бұдан адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Індет бұзылған, лас азық-түлік арқылы таралады.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG