Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуін жеңіспен бастады.
Сараевода өткен матчта Қазақстан командасы жергілікті Босния және Герцеговина құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Кездесудің 27-минутында қазақстандық Мирас Тулиев бәсекелестің қақпасына алғашқы допты енгізді. Ал 44-минутта Абат Айымбетов нәтижені еселеді. Матчтың 58-минуындта босниялықтардан Харис Хайрадинович бір гол соғып, қарымта қайтарды.
Литвалық маман Саулюс Ширмялис жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы енді 7 тамызда Швейцария құрамасымен Алматыда ойнайды.
Қазақстан жастар командасымен бір топта Англия және Норвегия құрамалары да бар. Әр топтан бірінші-екінші орын алған команда іріктеудің плей-офф кезеңіне шығады.