Парламент сенаты бүгінгі отырысында Қазақстан мен Италия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы Астанада биыл қаңтардың 22-і күні жасалған шартты ратификациялау туралы заңды қабылдады.
Шартқа сәйкес, екі ел іздеуде жүрген тұлғаларды бір тараптың сұранысы бойынша ұстап, оған тапсыруға міндеттеме алады. «Ұсталған тұлғаны сұратушы тарапқа тапсыруға негіз болатын қылмыстарға, тұлғаны сұратқан өтініш жолданған кезде, екі елдің заңдарына сәйкес, жасалынған қылмыс үшін кемінде бір жылға бас еркіндігінен айыру және одан да қатаң жаза беру көзделген қылмыс түрлері жатады» делінген қорытынды құжатта.
Сонымен бірге, шартта тараптардың құқықтық көмек көрсетуден бас тартуыне негіз болатын міндетті және факультативті негіздемелер қарастырылған. Егер бір тарап тұлғаны беруден бас тартса, онда іздеу жарияланған адамға қатысты тергеу ісін бастау үшін тиісті іс құжаттарын өзінің құзырлы органдарына тапсыруы тиіс. Бұл үшін сұрау салған тарап орталық органдары арқылы екінші тарапқа іздеудегі тұлғаға қатысты қажетті айғақ-дәлелдер, құжаттар, материалдар және өзге де кез-келген пайдалы ақпаратты тапсыра алады.