Accessibility links

Латвияда НАТО-ның әскери орталығы ашылды


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың жаңа әскери орталығының ашылуында сөйлеп тұр. Вильнюс, 3 қыркүйек 2015 жыл.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың жаңа әскери орталығының ашылуында сөйлеп тұр. Вильнюс, 3 қыркүйек 2015 жыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг бүгін Литва астанасы Вильнюсте альянстың жаңа әскери орталығы - НАТО күштерінің интеграциялық бөлімінің ашылуына қатысты.

Ашылу салтанатына Литва президенті Далья Грибаускайтемен бірге барған Соттелберг жаңа орталықты "үлкен ынтымақтастық, күш-жігер мен дайындыққа бағытталған үлкен қадам" деп атады.

НАТО күштерінің интеграциялық орталығы Литвадан өзге осы айда Болгария, Эстония, Латвия, Польша және Румынияда да ашылған.

Столтенберг "Жаңа орталықтар қажет болған жағдайда әскери күштердің жедел әрі тиімді түрде қозғалуын қамтамасыз етеді" деді.

Әрқайсысында 40 шақты қызметкер болатын әр орталық құрлықта жаттығулар жүргізіп, операцияларды жоспарлауға көмектеседі.

XS
SM
MD
LG