Accessibility links

Путин: Ресей ИМ-ге қарсы операцияға әзірше қосылмайды


Ресей президенті Владимир Путин Владивостоктағы форумда сөйлеп тұр. 4 қыркүйек 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Владивостоктағы форумда сөйлеп тұр. 4 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей халықаралық терроризмге қарсы күресетін тағы бір халықаралық коалиция құруы мүмкін, бірақ «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы әскери операцияларына Ресей әскерінің қатысуына әзірше ерте. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумында мәлімдеген.

Оның сөзінше, Мәскеу Дамаскіге техника, әскери мамандар даярлау және қару-жарақ жағынан қолдау көрсетіп келеді. «Ол келісімдерге бес-жеті жыл бұрын қол қойылған» деп атап айтқан Путин.

Осы аптада бірнеше ақпарат агенттіктері Сирия территориясында ресейлік әскерилер мен техникалар пайда болғанын хабарлаған еді. Агенттіктер Сирия аэродромдарда ресейлік ұшқыштар басқаратын ұшақтар Сирия жерінің жартысын басып алған ИМ-ге қарсы әуе шабуылын бастауға әзір тұрғаны (кейбірі тіпті «шабуылдар басталып кеткені») туралы жазды. Бірақ Кремль бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Владивостоктағы форумда президент Путин терроризмге қарсы тағы бір халықаралық коалиция құру мәселесін АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы талқылағанын, Сауд Арабиясы, Түркия, Иордания және Египет билігімен де сөйлескені туралы мәлімдеген.

Владимир Путин ИМ тобына қарсы күресіп жатқан АҚШ жетекшілігіндегі халықаралық коалицияға Ресейдің қосылуы туралы мәселе әзірше күн тәртібінде тұрмағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG