Accessibility links

ДХР "парламенті" жетекшісі Андрей Пургинді қызметтен алған


Донбассағы ресейшліл сепаратистер жетекшілерінің бірі Андрей Пургин. Донецк, 29 шілде 2014 жыл.
Донбассағы ресейшліл сепаратистер жетекшілерінің бірі Андрей Пургин. Донецк, 29 шілде 2014 жыл.

Украинаның шығысында өзін-өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» (ДХР) «парламентінің» жетекшісі Андрей Пургин қызметінен алынып, оның орнына бұрынғы «вице-спикер» Денис Пушилин тағайындалған. Бұл туралы жұма күні кешке ДХР «парламентіне» сілтеме жасап Донецк жаңалықтар агенттігі және ресейлік ақпарат құралдары хабарлаған.

Хабарламада ДХР «парламентіндегі» дауыс беру кезінде «депутаттардың басым бөлігі» Пургиннің қызметтен алынуын қолдағаны айтылған. Пургиннің отставкасы оның «парламент отырысын өткізуге бөгет жасамақ болғанымен байланысты» деп мәлімдеген Пушилин.

Әлеуметтік желілерде жұма күні Ресейге сапарынан қайтып келген Андрей Пургинді ДХР аумағына жібермей қойғаны туралы ақпарат тарады.

«Пургиннің адамдары мемлекеттік төңкеріс жасамақшы деп Пушилинді айыптайды» деген украиналық журналист Денис Казанский «Росбалт» агенттігіне.

XS
SM
MD
LG