Accessibility links

Жан-Мари Ле Пен жаңа партия құрмақшы


Жан-Мари Ле Пен.
Жан-Мари Ле Пен.

Францияның оңшыл радикал саясаткері 87 жастағы Жан-Мари Ле Пен жаңа партия құратыны туралы мәлімдеме жасады.

1972 жылы өз негізі қалаған радикалдық Ұлтшыл майдан басшылығынан өтекен айда кетірілген Ле Пен енді Франция туының түстерімен аталатын «Көк-ақ-қызыл бірлестігі» партиясын құратынын жариялаған.

Ал ол бұрын жетекшілік еткен Ұлтшыл майдан сенбі күні жыл сайынғы съезін өткізді. Бұл ұйымды 2011 жылдан бері Ле Пеннің қызы Марин Ле Пен басқарады.

Әкесі мен қызы 2014 жылы араздасып қалған. Марин әкесінің антисемиттік, расистік және нацистік сарындағы сөздерін қолдамай, оны «өз басын саяси өлімге байлаған адам» деп атаған.

2012 жылы өткен Франция президенті сайлауында Марин Ле Пен үшінші орын алған.

XS
SM
MD
LG