Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасындағы әскери шекара қызметін күшейтілген тәртіпке көшірді деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз хатшысы Гүлмира Борубаеваның айтуынша, бұндай шешім Тәжікстандағы соңғы оқиғалардан соң қабылданған.
Қыркүйектің 4-і күні Тәжікстанда екі жерде полицияға қарулы шабуылдар жасалғаны хабарланды. Содан бері үкімет күштерінің күдіктілерге қарсы операциясы жалғасып жатқан Тәжікстанда 20-дан аса адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған.