Accessibility links

US Open: Шведова жұптық сынның ширек финалына шықты


Ярослава Шведова.
Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова US Open жарысының жұптық және микст бойынша ширек финалға шықты.

Жұптық сында австралиялық Кэйси Деллаквамен бірге сербиялық Елена Янкович пен Александра Круничты 2:6, 7:5, 7:5 есебімен жеңді. Шведова -Деллаква жұбы ширек финалдағы қарсыластары бүгін анықталады.

Ал микстте (ер мен әйел теннисші бірігіп қатысатын сын) Шведова колумбиялық Хуан Себастьян Кабальмен бірге үшінші айналымда Джейми Мэррей (Ұлыбритания) мен Лиза Рэймондты (АҚШ) 7:5, 2:6, 10:8 есебімен жеңіп, ширек финалға өтті. Енді Шведова - Кабаль жұбы ширек финалда америкалық теннисшілер Сэм Куэррей - Бетани Маттек-Сандс жұбымен кездеседі.

Grand Slam жарыстары қатарына енетін US Open жарысы 12 қыркүйекте аяқталады.

XS
SM
MD
LG