Accessibility links

Сусын шығарушылар салықты өсіруге қарсы


Қазақстан сыра өндірушілер одағының президенті Берік Қазыбеков (сол жақта) пен алкогольсіз ішімдіктер жіне сусындар қауымдастығының жетекшісі Әлия Мамытбаева баспасөз жиынында. Алматы, 7 қыркүйек 2015 жыл.
Қазақстан сыра өндірушілер одағының президенті Берік Қазыбеков (сол жақта) пен алкогольсіз ішімдіктер жіне сусындар қауымдастығының жетекшісі Әлия Мамытбаева баспасөз жиынында. Алматы, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібіне пайдалы қазбаларды өндіруге қатысты салық мөлшерлермесін көтеру ауыр салмақ болып тимек деп мәлімдеді бүгін Алматыда алкогольсіз ішімдіктер және сусындар қауымдастығының жетекшісі Әлия Мамытбаева.

Қаржы министрлігі бұған дейін парламент мәжілісіне «Қазақстан республикасының салық салу және кедендік әкімшілік мәселелері жөніндегі бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» заң жобасын қарастыруға ұсынған.

Құжатта жерасты суларына қатысты пайдалы қазбаларды өндіруге салықты есептеудің тәртібі қайта қарастырылған. Қауымдастық өкілдерінің ұйғарымынша, бұл алькогольсіз ішімдіктер мен суларды өндірушілер үшін салықты орташа есеппен 500 есеге, ал сыра өндірушілер үшін 1000 еседен астам мөлшерге ұлғайтуды көздейді. Нәтижесінде қазақстандық өнім 25 пайызға қымбаттап, кәсіпорындарға салынатын салықтық жүктеме 40 пайызға артпақ.

Алкогольсіз ішімдіктер және сусындар қауымдастығының мәліметі бойынша, Қазақстанда бұл салада жұмыс істейтін 420 компания бар. Оның 90 пайызға жуығы - шағын кәсіпорындар.

XS
SM
MD
LG